ИМАМ ШƏФИҒИДІҢ СОҢҒЫ ӨСИЕТІ
Имəм əл-Музəни (Алланың оған рақымы болсын) айтады:
«Мен имəм əш-Шəфиғи өлім хəлінде төсек тартып жатқанында кіріп:
«О, ұстазым, не сезініп жатырсыз?»,-деп сұрадым.
Ол кісі:
«Мен бұл дүниемен, бауырларыммен қоштасып бара жатқанымды сезініп жатырмын, жəне өлімнің жақындағанын, жəне Алланың алдына кетіп бара жатқанымды, жəне өзімнің күнəларыммен бетпе-бет көрісуге бара жатқанымды сезініп жатырмын. Жəне мен білмеймін, жанымды Жəннəтқа бара жатқанымен құттықтайын ба əлде Тозаққа бара жатқанымен өкінейінбе!?»,-деп айтты.
Мен ұстазымнан:
«Маған өсиет айтыңызшы»,-деп сұрадым.
Ол кісі:
«Алладан қорық жəне өлім сəтіңді жүрегіңмен елестет;
Өлімді ешқашан ұмытпа жəне Алланың алдына баратыныңды ұмытпа;
Алладан қорық, Оның тыйымдарынан тыйыл, əмірлерін бұлжытпай орында; Қайда болсаңда Алламен бірге бол жəне ешқашан Алланың саған берген ризығын аз деп санама, шүкіршіл бол;
Үндемегенің - пікір еткенің, сөйлегенің - зікір еткенің болсын;
Көргенің - ғибрат болсын;
Өзіңе қатысты əділетсіздік жасаған адамды кешір;
Сенімен байланысын үзген адамды қолда;
Саған жамандық еткенге жақсылық істе;
Қиындықта сабыр ет;
Алланың қаһарынан тақуалықпен сақтан»,-деді.
Мен:
«Тағы өсиет етіңізші»,-деп өтіндім.
Имəм Шəфиғи сонда былай деді:
Тіліңде əрқашан шындық болсын;
Уəдең - сүйенішің болсын;
Мейірімділік - тамырың болсын;
Шүкіршілік – тазалануың;
Ақиқат – саудаң;
Бауырларыңа махаббат - сəнің;
Аллаға бағыну – өмірің;
Алланың разылығы – аманатың;
Түсіністігің - ұзақты көре алуың;
Үмітің – сабырың;
Орануың-Шындық;
Зекет – қалқаның;
Ұялшақтық – басшың;
Жұмсақтық - əміршің;
Мына өмір – түрмең;
Айырылмас жолдасың-үнемдеушілік;
Қажылықпен жиһад – мақсатың;
Құран – сұхбаттасың болсын.
Алланы Қорғаныңмен Сүйенішің, Досың ет. Осы сипаттар кімнен табылса, оның дəрежесі - Жəннəтта»,-деп сөзін аяқтады деді.